HomeЖаңалықТүркістанды абаттандыру жұмыстарының нәтижесі баяндалды

Түркістанды абаттандыру жұмыстарының нәтижесі баяндалды

Түркістан қаласының әкімі аппараттық жиында бірқатар бөлім жұмысына сын айтты, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиын барысында қала әкімдігі тарапынан орындалуға тиісті негізгі міндеттер мен бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Бексұлу Жәнібекқызы мен Өтініштерді қарауды бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Мадина Жүсіпқызы дербес бөлімдердің берілген тапсырмаларды жүзеге асыру барысы мен кеткен кемшіліктерді ретке келтіру барысын баяндады.

Әзімбек Пазылбекұлы бірқатар бөлімдердің жұмысында кеткен кемшіліктерге назар аударып, тиісті сала басшыларына ескерту жасады.

 

— Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің сапалы, мерзімінде орындалуы және мемлекеттік қызметтердің қағида талаптарына сәйкес көрсетілуі біздің мемлекеттік қызметкер ретінде басты міндетіміз. Жоғарыдағы аталған кемшіліктердің орын алуы – бөлім басшысының қадағалауының жоқтығынан. Бөлімнің ішкі бақылауына, құжатайналымына немқұрайлы қарағандықтан. 1 тоқсанда бірнеше құқық бұзушылық орын алған. Оның ішінде басым көпшілігі Жер қатынастары, Жұмыспен қамту бөлімі мен және сәулет және қала құрылысы бөлімі, инфрақұрылым бөлімі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түбегейлі қайта қарап, ішкі бақылауды күшейтіу керек, — деп тапсырды қала басшысы.

 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша — қала тазалығы мен абаттандыру жұмыстары жайында ұйымдастыру-инспекторлық және бақылау бөлімінің басшысы Ердәулет Мақсатұлы баяндама жасап, сенбіліктердің нәтижесіне тоқталды.

 

Аппараттық мәжіліс соңында Әзімбек Пазылбекұлы тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, көрсетілген кемшіліктерді жою мен жұмыстардың сапасын арттыру бойынша жауапкершілікті күшейтуді тапсырды.

 

Ұқсас жазбалар