Түркістан қаласындағы ардагерлерге құрмет пен көмек көрсетілді, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай, Түркістан қаласы бойынша 255 Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккерлеріне, 9 Ұлы Отан соғысы мүгедектігі бар ардагерінің екінші рет некеге тұрмаған зайыбына 50 000 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек толығымен төленді.
Түркістан қаласынан Ұлы Отан соғысына 20 мыңнан астам азамат аттанып, оның 12 мыңнан астамы елге оралды. Оның ішінде 7 адам Совет Одағының Батыры атағын алған.
Қазіргі таңда Түркістан қаласында, өкінішке орай, Ұлы Отан соғысының ардагерлері жоқ. Бірақ олардың ерлігі мен жеңістері ешқашан ұмытылмайды. Оларға тек мереке қарсаңында ғана емес, жыл көлемінде түрлі көмек көрсетіліп, бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.
Ардагерлеріміздің ерен еңбегін бағалау – біздің парызымыз. Осыған орай, тыл ардагерлеріне мерекелік медальдар табысталды.