HomeЖаңалықТүркістанда арыз-шағымдардың орындалу барысы талқыланды

Түркістанда арыз-шағымдардың орындалу барысы талқыланды

Е-өтініш жүйесіндегі және құжат айналымындағы арыз-шағымдардың орындалу барысы талқыланды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласы әкімдігінде қала әкімі аппаратының басшысы Қ.Әлібековтың төрағалығымен Е-өтініш ақпараттық жүйесі мен бірыңғай құжат айналым жүйесінде тіркелген арыз-шағымдардың орындалу тәртібіне қатысты жиыны өтті.

 

Жиын барысында мемлекеттік органдар мен коммуналдық мекемелер тарапынан жіберілген бірқатар кемшіліктер атап өтіліп, олардың себептері мен шешу жолдары қарастырылды.

 

Сонымен қатар, Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің талаптары кеңінен түсіндіріліп, азаматтардың өтініштеріне уақтылы әрі сапалы жауап беру – әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеттері түсіндірілді.

 

Жиынға қаладағы мемлекеттік мекемелердің басшылары, оларға бағынысты коммуналдық кәсіпорындардың директорлары мен жауапты қызметкерлері қатысты.

 

Ұқсас жазбалар