HomeЖаңалықҚала кеңесінің алғашқы отырысы өтті

Қала кеңесінің алғашқы отырысы өтті

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен қала құрылысы кеңесінің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, кәсіби сәулетшілер мен мүсіншілер, қолөнер шеберлері және қалалық құрылымдардың жауапты өкілдері қатысты.

 

Кеңес отырысында Түркістан қаласының Бас жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ қаланың бірегей келбетін айқындайтын дизайн код жобасы кеңінен талқыланды. Қала құрылысына қатысты ұсынылған жобалар сарапқа салынып, өңірдің тарихи, мәдени және рухани ерекшеліктеріне сәйкестігі қарастырылды.

 

Мамандар ұсынылған жобалар бойынша өз пікірлерін ортаға салып, оларды жетілдіруге бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар айтты. Кеңес мүшелері тарапынан айтылған ескертулер мен ұсыныстар жинақталып, келесі кеңес мәжілісінде қарау үшін тиісті жұмыс тобына жолданды.

 

Айта кетейік, кеңес жұмысы алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

 

Ұқсас жазбалар