HomeЖаңалықТүркістан қаласында 2025 жылдың І тоқсаны қорытындыланды

Түркістан қаласында 2025 жылдың І тоқсаны қорытындыланды

Түркістан қаласында 2025 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша жиын өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы Қ.Әлібековтың төрағалығымен 2025 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша жиын өтті.

 

Жиын барысында қала әкімдігі мен оған қарасты мемлекеттік мекемелердің қызметінде бірқатар бағыттар бойынша атқарылған жұмыстардың жетістіктері және анықталған кемшіліктер мен заңбұзушылықтар кеңінен талқыланды.

 

Атап айтқанда, «e-kyzmet» жүйесі бойынша мониторинг, орындаушылық тәртіп, өтініштерді қарау, мемлекеттік қызметтерді көрсету, қабылдаулар мен тәртіптік жауапкершілік мәселелері бойынша сала мамандары жыл басынан бері атқарған жұмыстар туралы есебін ұсынды.

 

Өтініштерді қарауды бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы М.Байғұт және Құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Б.Сүлейменова жауапты бөлімдері бойынша бірнеше бағытта баяндамалар жасап, орындалған жұмыстардың есебін берді.

Жиын соңында анықталған кемшіліктерді жою, орындаушылық тәртіпті және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мақсатында тиісті бөлім басшыларының жеке жауапкершіліктерін күшейту, жүйелік қадағалауды тұрақты түрде жүргізу және деректерді ақпараттық жүйелерге толық әрі уақтылы енгізуді қамтамасыз ету ұсынылды.

 

Қала әкімдігі осы ұсыныстарды жүзеге асыру арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі жақсартуды және тұрғындардың өтініштеріне уақтылы жауап беруді назарға алуда. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді көрсету мен өтініштерді қарау процесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін қызметкерлердің кәсіби деңгейін үздіксіз жетілдіру, сондай-ақ жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізбек.

 

Ұқсас жазбалар