Түркістан – Самарқанд бағытындағы халықаралық әуе рейсін іске қосылды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай QAZAQ AIR әуе компаниясы Түркістан – Самарқанд бағытындағы халықаралық әуе рейсін іске қосып, Орталық Азияның екі маңызды мәдени орталығын байланыстырды. Жаңа рейстің салтанатты ашылу рәсімі Түркістан халықаралық әуежайында өтті.
Жаңа бағыттың ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе байланысын едәуір нығайтып, ежелгі қалалар арасындағы туристік және мәдени алмасуға бірегей мүмкіндік береді. Бұл рейс сондай-ақ Қарағанды мен Қостанай қалаларынан шыққан жолаушыларға ыңғайлы, осылайша Самарқандқа сапар шегу өңір тұрғындары үшін қолжетімді бола түседі.