Түркістанда қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті. Жиынға мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев және қала әкімінің орынбасарлары Байдулла Оразбеков, Талғат Төлегенов және қалалық бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінде 2025–2027 жылдарға арналған қалалық бюджеттің бөлімдер бойынша орындалу барысы және аталған бюджетке өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.
Комиссия мүшелері баяндамаларды тыңдап, өз ұсыныстарын айтты. Мәслихат төрағасы және депутаттар бюджеттік жоспарлау мен қоғамдық бақылаудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында осындай отырыстардың маңыздылығын ерекше атап өтті.