HomeҚоғамТүркістанда мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында зияткерлік сайыс өтті

Түркістанда мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында зияткерлік сайыс өтті

Түркістанда мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында «Интеллект» зияткерлік сайысы өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғам өміріне белсенді араласуын қамтамасыз ету, олардың білім мен қабілеттерін шыңдау мақсатында «Интеллект» атты зияткерлік сайыс өтті.

 

Шараға әр топтан 6 қатысушыдан құралған 10 команда қатысып, сайыс төрт кезең бойынша өтті. Қатысушылар Түркістан қаласының тарихы, туризм саласы және танымал тұлғаларына қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, білімдері мен ой-өрісін сынға салды.

 

Зияткерлік додаға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, жеңімпаз командаларды марапаттады. Өз сөзінде қала әкімі мұндай сайыстардың қоғамда білімді әрі белсенді азаматтардың қатарын арттырудағы маңызын ерекше атап өтті.

 

Іс-шараға құрметті қонақ ретінде «Түркістан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Ардагерлер және мүгедектігі бар азаматтармен жұмыс бөлімінің» бас маманы Аманбай Ұлан, «Түркістан қалалық аналар кеңесінің»төрайымы Мұстафаева Ұлжан, «Ардагерлер алқасының» төрағасы Құлбайымбетов Жарқынбек және «Әкелер мектебінің» төрағасы Байтілесов Еркінбек қатысты.

 

Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды «Әл-Фараби» тобы, 2-орынды «Turan.kz»тобы, ал 3-орынды «Сұңқар» тобы иеленді. Жеңімпаз командаларға ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, барлық қатысушылар да бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Ұқсас жазбалар