HomeҚоғамӘскери бөлімде кітапхана ашылды

Әскери бөлімде кітапхана ашылды

Түркістандағы ҚР Ұлттық Ұланына қарасты 5574 әскери бөлімінде, «Фараб» кітапханасының №6 жылжымалы пункті ресми түрде қолданысқа берілді, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Бүгін, 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай, кітап оқуды кеңінен насихаттау және әскери қызметкерлердің рухани дамуына қолдау көрсету мақсатында Түркістандағы ҚР Ұлттық Ұланына қарасты 5574 әскери бөлімінде, «Фараб» кітапханасының №6 жылжымалы пункті ресми түрде қолданысқа берілді.

Кітапхана әскери қызметкерлердің бос уақытын тиімді пайдалануына, көркем, танымдық және патриоттық әдебиеттерге қолжетімділік алуына толық мүмкіндік береді.

Бұл шара – кітапты ұлықтау арқылы қоғамның барлық саласында, соның ішінде әскери ортада да оқырман мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Жылжымалы пункт тек әскери қызметкерлердің рухани сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына да ықпал етеді.

Ұқсас жазбалар