QULAGER.KZ. Трамп Римде өтетін Папа Францисктың жерлеу рәсіміне қатысады деп жазады inform.kz.
— Мелания екеуміз Папа Францисктың жерлеу рәсіміне Римге барамыз, — делінген хабарламада.
Бұл сапар Трамптың АҚШ президенті қызметіне қайта кіріскеннен кейінгі Еуропаға алғашқы ресми сапары болуы мүмкін.
Жерлеу рәсімінің нақты күні әлі жарияланған жоқ, бірақ қалыптасқан дәстүр бойынша, понтифик қайтыс болғаннан кейін 4–6 күн ішінде өткізіледі.
Франциск дүйсенбі, 21 сәуір күні дүниеден өтті.