Түркістанда бишілер байқауы басталды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен дәстүрге айналған “Сырлы би толқыны” қалалық бишілер байқауы басталды. Іс-шараның ашылу салтанатында қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев сөз сөйлеп, биші бүлдіршіндерге сәттілік тіледі.
Айта кетейік, ұлттық би өнерін дәріптеп, жас буынның шығармашылық қабілетін ұштауға бағытталған бұл іс-шара – қаламыздағы мәдени маңызы бар оқиғаға айналып келеді. Би байқауы аясында әрбір топ өзінің ерекше мәнеріне сәйкес көрермен көңілінен шығып жататын ұлттық билерді ұсынуда.
Сонымен қатар, байқауға Жұмашева Шұғыла, Нағимбаева Индира, Гүлназия Есенгелдіқызы сияқты қаламыздағы жетекші хореограф ұстаздар қазылық жасауда. Түркістан қаласының ерекше мәртебесіне орай, киелі шаһардың мәдени қазынасын байытатын байқаудың жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен арнайы алғыс хаттар табысталады.