HomeЖаңалықМемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады

Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Дмитрий Останькович пен Расул Ахметовті құттықтады.

 

Президент қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру ісіндегі ҚХА-ның ерекше рөлін атап өтті.

 

Кездесу барысында Президентке:

 

Ассамблеяның алдағы XXXIV сессиясына дайындық жөнінде;

 

ҚХА 30 жылдығы аясында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат берілді.

 

Мемлекет басшысы:

 

мерейтойлық іс-шараларды өткізуге Ассамблеяның барлық этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарын кеңінен тартудың маңыздылығына назар аударды.

 

этносаралық қатынастарды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Ұқсас жазбалар