Шымкентте «Жастарға үлгі болар жиырма жас» атты тағылымды семинар өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
17 сәуір күні «Ұлттық кітап күніне» орай Шымкентте «Жастарға үлгі болар жиырма жас» атты тағылымды семинар өтті. Аталған іс-шараны Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Шымкент қалалық филиалы мен Шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Семинардың басты мақсаты – жастардың бойында табандылық, отансүйгіштік, өмірлік мақсат қою дағдыларын қалыптастыру және рухани құндылықтарға деген құрметті арттыру.
Шымкент қалалық филиалы биыл өз жұмысын жаңаша серпінмен жандандырып, тіл жанашырлары мен жастарды біріктіретін жаңа жобаларды іске асыруда.