HomeБизнесТүркістанда сиыр етін 2500 теңгеден сатып алуға болады

Түркістанда сиыр етін 2500 теңгеден сатып алуға болады

Түркістанда сиыр етінің келісі 2500 теңгеден саудалануда, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласы әкімдігі мен «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның Тұрақтандыру қорының ұйымдастыруымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында арнайы «Сиыр еті» жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіліп жатыр.

 

Жәрмеңке әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері өтеді.

 

Сиыр етінің бағасы – бір келісі 2500 теңге. Ал қазіргі нарықтағы орташа бағасы – 3200-3500 теңге болып отыр.

 

Әлеуметтік ет өнімдері Түркістан облысының аудан-қалаларынан жеткізіліп, әр адамға 5 келіге дейін сатылымға беріледі.

 

Бұл шара қала тұрғындарын қолжетімді бағамен сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұқсас жазбалар