HomeЖаңалықПрезидент Павлодар облысының әкімін қабылдады

Президент Павлодар облысының әкімін қабылдады

Президент Павлодар облысының әкімін қабылдады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Асайын Байханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Павлодар облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды.

 

Павлодар облысында экономиканың барлық негізгі саласы бойынша өсім байқалады:

Былтыр өңірлік жалпы өнім 5,8%-ға ұлғайды;

1,1 трлн теңге инвестиция (+38%) тартылды.

 

Облыс әкімі ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады:

Құрамында алтын бар концентратты қайта өңдеу және ферроқорытпа өндірісі бойынша 2 үлкен жоба қолға алынады.

Екібастұзда 3 ферроқорытпа зауытын (қуаттылығы 460 мың тонна) салу жоспарланған. Бұл кәсіпорындар іске қосылса, Қазақстан ферроқорытпа өндірісі бойынша әлемде екінші орынға шығады.

 

Барлық әлеуметтік міндеттеменің жүйелі түрде орындалып жатқаны туралы айтылды:

30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған;

40 әлеуметтік нысан пайдалануға берілген, тағы 83-і жаңғыртылған;

Қосымша білім беретін 3 орталық, 1800 оқушыға арналған «Жайлы мектептер» салынған;

Апаттық жағдайдағы мектептердің орнына 3 білім беру нысаны бой көтеріп, 26 мектеп жөнделген.

 

Инфрақұрылым:

Кейінгі 20 жылда алғаш рет жылумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі 1,3 пайызға төмендеген;

Қоғамдық көлік 80 пайызға жаңартылып, 230 автобус жеткізілген;

Трамвай паркі жаңарып жатыр. Жаңа 25 вагонның алғашқы партиясы биыл қыркүйекте жеткізіледі.

 

Президенттің тапсырмалары:

Инвестиция тартуды жалғастыру,

«Жайлы мектеп» ұлттық жоспарын сапалы және уақтылы жүзеге асыру,

Облыс экономикасын одан әрі әртараптандыру, әлеуметтік саланы дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жүргізу.

Ұқсас жазбалар