HomeСпортТүркістандық боксшылар Әлем кубогында жүлде еншіледі

Түркістандық боксшылар Әлем кубогында жүлде еншіледі

Бокстан әлем кубогында Түркістан облысының 2 споршысы жүлдегер атанды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Бразилияда World Boxing әлем кубогы өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен түркістандық боксшылар 2 қола медальға қол жеткізді.

 

Атап айтқанда, 57 келіде Ұлжан Сәрсенбек, +90 келіде Даниял Сапарбай үшінші орынға ие болды. Бұл спортшыларды Шыңғыс Демеуов пен Ербол Ахантаев баптады. Жүлдегер боксшылар «Түркістан» кәсіпқой бокс клубының шәкірттері.

Ұқсас жазбалар