HomeСпортТүркістанда халықаралық футбол додасының жеңімпаздары анықталды

Түркістанда халықаралық футбол додасының жеңімпаздары анықталды

Түркістанда «Turan Cup-2025» халықаралық футбол додасының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістанда жасөспірімдер арасында өтетін халықаралық «Turan Cup-2025» турнирінің 2-тур жеңімпаздары анықталды. Бұл додада 2011, 2013 және 2015 жылы туған жас футболшылар бақ сынап, жанкүйерлерге әсерлі ойын сыйлады.

Жасыл алаңда 32 команда (536 жас футболшы) өз шеберліктерін көрсетті. Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев жеңімпаздарды марапаттап, спортшыларға сәттілік тіледі.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

 

2011 жылға дейінгі жасөспірімдер:

І орын Түркістан қаласының №3 БЖСМ командасы

ІІ орын Алматы облысы құрамасы

ІІІ орын «Қайрат F1» командасы (Алматы қаласы)

 

2013 жылға дейінгі жасөспірімдер:

І орын «Оңтүстік Академия» командасы (Шымкент қаласы)

ІІ орын «Қайрат F1» командасы (Алматы қаласы)

ІІІ орын «Aibyn» командасы (Астана қаласы)

 

2015 жылға дейінгі жеткіншектер:

І орын ОФМБЖСМ командасы (Қонаев қаласы)

ІІ орын «Legasy» командасы (Астана қаласы)

ІІІ орын «Tarlan» командасы (Шымкент қаласы)

 

Ұқсас жазбалар