HomeЖаңалықҚасым-Жомарт Тоқаев пен Словения Президенті халықаралық қаржы орталығын аралады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Словения Президенті халықаралық қаржы орталығын аралады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Президенттерге қаржы орталығының құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берілді.

 

— Қаржы орталығы арқылы тартылған инвестиция — 14,4 мллрд доллар:

— 7,1 миллиард – Astana International Exchange биржасындағы портфельдік инвестициялар;

— 7,3 миллиард – АХҚО қатысушыларының инвестициялары.

— Қаржы орталығында әлемнің 80-нен астам елінен 3700-ге жуық компания тіркелген.

 

Мемлекеттер басшыларына прецеденттік құқық нормалары мен қағидаттарына негізделген Орталық Азиядағы алғашқы сот жүйесі – АХҚО Сотының, сондай-ақ Халықаралық төрелік орталығының жұмысы жөнінде баяндалды.

Ұқсас жазбалар