HomeСпортҚазақстан қоржынында – Олимпиаданың алғашқы жолдамасы!

Қазақстан қоржынында – Олимпиаданың алғашқы жолдамасы!

Қазақстан құрамасының қоржынына қысқы Олимпиаданың алғашқы жолдамасы түсті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама мүшесі Софья Самоделкина өзінің алғашқы әлем чемпионатында бақ сынады. Нәтижесінде ол әлемнің ең үздік 20 мәнерлеп сырғанаушысының қатарына кіріп, Қазақстан құрамасынан бірінші болып 2026 жылы Миланда өтетін қысқы Олимпия ойындарының жолдамасын жеңіп алды.

 

АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатындағы әйелдер бәсекесіне араға алты жыл салып ұлттық құрама мүшесі алғаш рет қатысты. Жарыстың еркін бағдарламасында 24 спортшы бақ сынап, әлем чемпионы атағын және қысқы Олимпиада жолдамасын жеңіп алу үшін сынға түсті.

 

Айта кетейік, Софья Самоделкина жуырда Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Азия ойындарында да өнер көрсетіп, қола жүлдеге бір қадам жетпей, ақ Азиаданы 4-орынмен аяқтаған еді.

Ұқсас жазбалар