HomeNOMAD«Ұлттық және ат спорты түрлері орталығына» жаңа басшы тағайындалды

«Ұлттық және ат спорты түрлері орталығына» жаңа басшы тағайындалды

«Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» директоры лауазымына Пазылбек Қайрат тағайындалды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарасты «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» директоры лауазымына Пазылбек Қайрат тағайындалды. Бұған дейін ол қазақ күресі бойынша аға жаттықтырушы қызметін атқарған.

 

Пазылбек Қайрат қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, ұлттық санаттағы төреші, қазақ күресінен төрешілер алқасының төрағасы, сондай-ақ «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің бас төрешісі болған.

 

Сондай-ақ ол «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2023 ж.) және «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен (2024 ж.) марапатталған.

Ұқсас жазбалар