Түркістан қаласында кәсіпкерлер «Таза кәсіп — таза аймақ» экологиялық челленджіне қатысты, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Түркістан қаласында кәсіпкерлер «Таза кәсіп — таза аймақ» экологиялық челленджіне қатысты. Шараның мақсаты — экологиялық мәдениетті насихаттап, аймақтың тазалығына өз үлесін қосу.
Тазалық жұмыстарын жүргізу барысында кәсіпкерлер қаладағы өз аумақтарын қоқыс пен ретсіз жарнамалардан тазартып, 300-ге жуық ағаш көшеттерін отырғызды.
«Таза кәсіп — таза аймақ» экологиялық челленджіне қатысқан кәсіпкерлер, тек өз бизнесін ғана емес, сондай-ақ, қаланың экологиялық жағдайын жақсартудың маңыздылығын көрсетіп, еңбекқорлық пен жауапкершілікті насихаттап, қала тұрғындарына табиғатқа деген қамқорлықты арттыру қажеттігіне үндеу жасады.