HomeМәдениетНАУРЫЗ: Түркістанда жаңа рекорд орнатылады

НАУРЫЗ: Түркістанда жаңа рекорд орнатылады

Түркістанда алғаш рет 2,5 тонна наурыз көже дайындалады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, 19 наурыз күні Түркістанда 2,5 тонна Наурыз көже дайындалады.

Бұл – береке мен молшылықтың символы болған ұлттық тағамды дәріптеуге бағытталған ерекше шара.

Өтетін орны: Керуен Сарай кешені

Күні: 19 наурыз

Наурыз көжені арнайы белгіленген орындарда 150 теңгеден сатып алуға болады. Жиналған барлық қаражат балалар үйіне қайырымдылық ретінде беріледі.

Ұқсас жазбалар