Home Blog Page 73

Ясауидің «Диуани хикмет» кітабының көне қолжазбасы табылды

0

Түркістанда Ясауидің «Диуани хикмет» кітабының көне қолжазбасы табылды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан облысы Сауран өңірінде Ясауидің 2 ғасыр бұрын жазылған хикмет топтамасы табылды. Ғалымдардың айтуынша, қолжазба 1834 жылы жазылған. Қазіргі таңда бұл хикмет жинақтың еліміздегі ең көне қолжазбасы болып тұр. Құнды жәдігер «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музейіне тапсырылды. Бұл жайында «Ясауитану» ғылыми орталығының басшысы Сайпулла Моллақанағатұлы брифингте мәлімдеді.

 

«Аталған қолжазбаға саурандық Еркін Сапаровтың бастамасымен қол жеткіздік. Бірнеше көне кітаптар Еркін ақсақалдың туысы Алимжан Рамазанұлының шаңырағында бабалардан мұра болып сақталып келген. Нәтижесінде жалпы саны 17 қолжазба мен сирек кітаптар алдық. Солардың ішінде бір қолжазбаның Қожа Ахмет Ясауидің хикметтер жинағы екендігі анықталып отыр. Кітаптың қағазы қалың әрі мұқабасында таңбасы бар. Қолжазба араб-парсы тілдерінде шағатай дәстүріне сай жазылған. Жалпы саны 120 хикметтен тұратын қолжазбаның 39-ы бұрын-соңды кездеспеген» — деді спикер.

 

Жалпы, «Ясауитану» ғылыми орталығы 2025 жылы Ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының базасында құрылған. Брифингке қатысқан Ясауитану ғылыми орталығының жауапты хатшысы Гаухар Пірімқұлованың айтуынша, бүгінде Қожа Ахмет Ясауи зерттеулеріне байланысты орталықта 25 кітап, 30 Диуани Хикмет өзге де ғылыми дүниелер бар.

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ПРОАКТИВТІ ТҮРДЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

0

Әрбір адам өмірге келгеннен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен тығыз байланыста болады.

Сол себепті мемлекеттік қызметтерді көрсету — бұл мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру мәселесі ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауларында айрықша маңызға ие. Елімізде 1323 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болса, оның ішінде 400-ге жуығы облыстық деңгейде көрсетіліп отыр.

Осы ретте, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттерімен жүзеге асырылады.

Осыған орай, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі құзыретіне сәйкес, мемлекеттік органдардың «Е-лицензия» порталында лицензиар ретінде тіркелуіне талдау жүргізді.

Өз кезегінде, «Е-лицензия» порталы лицензиялау процестерін, рұқсат беру құжаттарын автоматтандыру және лицензиар мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастығы арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың тиімді, ашық тетігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған жүйе.

Талдау нәтижесінде анықталғандай, тиісті бөлім «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін ұсынушы болып лицензиар ретінде тіркелмегені анықталды.

Айта кету қажет, аталған қызметті реттейтін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес, мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арнасы) – портал арқылы.

Яғни, жеке және заңды тұлғалардың электронды түрде қызмет алуына әкімшілік кедергілер туындап, олардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылуына жол берілгендігі анықталды.

Өз кезегінде, лауазым иелерінің азаматтарға мемлекеттік қызметтерді сапасыз ұсынуы, мерзімінде ұсынбауы, негізсіз бас тартуы, әуре-сарсаңға салуы, олардың мемлекеттік ұйымдар мен қызмет көрсетуші мекемелерге деген сенімсіздігін тудыруы мүмкін.

Осы орайда, әр азаматқа мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңнамаларға сәйкес мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі біздің басты мақсатымыз болып табылады.

Нәтижесінде, Департаменттің ықпалымен аталған қызмет алушыларға қайта өтініш жасауынсыз, құқықтары қалпына келтіріліп, тиісті мемлекеттік орган «Е-лицензия» порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынушы болып тіркелді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Абылайхан Дағыстанұлы НАУРЫЗБАЕВ

Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер

0

Елімізде соңғы жылдары ауқымды реформалар жасалуда, мемлекеттік басқарудың саяси жүйесі түбегейлі өзгеруде.

Бұл ретте, осы бастамалардың сапалы жүзеге асыуы – Мемлекеттік қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді адал және әділ атқаруына тікелей байланысты.

Өткен жылы, Президенттің Жарлығымен Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдамаға сәйкес, мемлекеттік қызметтің беделі мінсіз болу керектігі көрсетілген.

Сонымен қатар, 2025 жылдың қаңтар айында мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығына қатысты тиісті нормативтік – құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді.

Аталған өзгерістерге сәйкес, енді мемлекеттік қызметші қазіргі уақытта басқа мемлекеттік лауазымда болса да, бұрынғы қызмет орнында жасаған тәртіптік бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылатын болады.

Бұл өзгерістердің мақсаты – жауаптан жалтару мүмкіндігін болдырмау және қызметтік тәртіпті күшейту.

Тағы бір маңызды жаңалық – қызметтік тергеп-тексеру рәсімдерінің нақтылануы. Егер тәртіптік теріс қылық бұрынғы лауазымында жасалған болса, қызметтік тергеп-тексеру рәсімдері дәл сол мемлекеттік органмен қаралады. Бұл өзгеріс қызметтік тергеп-тексеру рәсімдерінің айқындылығын арттырады.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші атқаратын лауазымынан босатылған жағдайда, алынбаған тәртіптік жаза автоматты түрде жойылған деп есептеледі. Бұл норма қызметшілердің құқықтарын қорғауға бағытталған.

Бұл тұста, мемлекеттiк қызметке кіру тәртібіне де өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметтен шығарылған азаматты, қызметтен шығарылған мерзімнен екі жыл өткеннен кейін, мемлекеттік қызметке қайта қабылдауға болатын өзгеріс енгізілді.

Айта кету қажет, өзгеріске дейін мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін қызметтен шығарылған азамат мемлекеттік қызметке жіберілмейтін.

Әдеп Кодексінде мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну талабы қойылған.

Сол сияқты, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес ойын мекемелерінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.

Жалпы, ағымдағы жылғы өзгерістер мемлекеттік қызметті кәсібилікке, әдептілікке және жоғары жауапкершілікке бағыттайды. Бұл түзетулер мемлекеттік аппараттың ашықтығын арттырып, қоғамның сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Абылайхан Дағыстанұлы Наурызбаев

ТЕЛЕГРАММ БОТ ПЛАТФОРМАСЫ- ҰЖЫМДЫҚ АРЫЗ НЕГІЗІНДЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДЕ

0

Мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық беріледі.

Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттері көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

Осыған орай, Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және азаматтардың өтініштеріне жедел кері байланыс орнату мақсатында өткен жылы «EgovKZBot2.0» telegram бот платформасы іске қосылған.

Бұл бот платформасының басты мақсаты мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша халықпен жедел кері байланыс орнату және туындаған сұрақтарға толыққанды ақпарат ұсыну.

Атап өту қажет, бот платформасы арқылы Департаментпен
2025 жылдың 9 айының қорытындысымен  92 азаматқа тиісті түсіндірмелер берілген.

Мәселен, ағымдағы жылдың қазан айында бот платформасы арқылы 5 азаматтың ұжымдық өтініші келіп түскен.

Өтініште азаматтардың сол жақ аяққа (модульдік) жамбас протезін және тізеден төмен жасанды аяқ протездерін алуға өтініш берілгені, дегенмен техникалық себептермен өтініштер тіркеуге алынбауына байланысты әуре-сарсаңға түсу жағдайлары баяндалған.

Осы ретте, Департаменттің зерделеу шараларының қорытындысымен азаматтардың «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде кезегінің келгені анықталып, техникалық ақаулықтарды жою туралы мемлекеттік органдарға тиісті ұсынулар берілді.

Нәтижесінде, аталған ақаулықтар жойылып, азаматтардың құқығы қалпына келтірілді.

Егер Сіздің мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты ұсыныстарыңыз болса, сондай-ақ бірқатар қызметтер бойынша онлайн анықтама алғыңыз келсе ұялы телефоныңызға «Telegram» мессенджерін жүктеп, «EgovKzBot2.0» телеграмм ботын қолдана аласыз.

_______________________________________________________

Телеграмм бот арқылы төменде көрсетілген тізбеге сәйкес өзіңізге керекті қызмет түрін таңдай аласыз.

  • ХҚКО-на кезекті брондау
  • 1414 операторымен байланысу
  • Уәкілетті органға өтініш
  • Әлеуметтік-еңбек саласының мәселелері бойынша оператормен байланысу
  • Көрсетілетін қызметтер
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
  • Egov mobile жүктеу
  • Әкімшілік айыппұлдар болуын тексеру
  • Таяудағы ХҚКО
  • Қазақстанда ашық үкіметті дамыту бойынша ұсыныс
  • Бот туралы
  • Баптаулар

Егерде Сіздің Уәкілетті органға қандайда бір шағымыңыз болса, өзіңізге қатысты толық ақпаратты көрсетіп, өзіңіздің шағымыңызды толыққанды баяндай аласыз.

Нәтижесінде, Сізге 3 жұмыс күні ішінде тиісті жауап ұсынылады.

Бұдан бөлек, телеграмм боттың жұмысын халықпен таныстыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілеріне бейнероликтер және халық көп шғырланатын жерлерге QR код бейнеленген баннер эскиздері шығарып жарияланды.

Қазіргі таңда, Департаментпен шағымдану тетіктерін оңтайландыру және қызмет көрсету мәселелері бойынша кері байланысты жеделдету мақсатында «Sapaly qyzmet» телеграмм ботымен қатар «Сенім телефоны» Сіздерге уақытылы жауап ұсынуға дайын екендігін хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Абылайхан Дағыстанұлы НАУРЫЗБАЕВ

КЕНТАУ: Әрбір өтініш қала әкімдігінің назарында

0

Кентау қаласында инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың жеке қабылдауында көтерілген тұрғындардың өтініш-тілектері мен ұсыныстары тұрақты бақылауда. Қаланың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

 

Осыған орай, жол салуды қажет ететін Ақбикеш көшесінің тұрғындары тарапынан жол мәселесіне қатысты ұсыныстар түсіп, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес демеушілер есебінен көшеге тас төсеу жұмыстары басталды.

 

Қала әкімінің орынбасары Болысбек Шәріпбеков атқарылып жатқан жұмыстардың барысын барып бақылап, сапалы орындалуын тапсырды.

 

Сонымен қатар, қала аумағындағы аялдама қажеттілігі бар аймақтар зерделеніп, қажетті құжаттар мен техникалық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.

ТҮРКІСТАН: Мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдауға қарсы шаралар қабылданды

0

Түркістан облысында мұнай өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және заңсыз тасымалдаудың алдын алу шаралары қабылданды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан облысында мұнай өнімдері нарығындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаудың алдын алу мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылуда.

 

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, Кәсіпкерлік және сауда басқармасы Қазығұрт және Сарығаш аудандарында мемлекеттік органдардың қатысуымен мониторинг жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде аудандық әкімдіктер мен сауда субъектілеріне жанар-жағармай бағасын тұрақтандыру, сондай-ақ мұнай өнімдерін шетелге заңсыз шығарудың алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

 

Қапланбек және Қазығұрт шекара бекеттерінде жағдайды бақылау мақсатында облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік бақылау басқармасы қызметкерлері жұмылдырылды. Олар мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау деректерінің жолын кесу бойынша қажетті шараларды атқаруда.

 

Мониторинг барысында жанар-жағармай тасымалдайтын көліктерге арнайы тексерулер жүргізіліп, заңсыз айналымға қарсы бақылау күшейтілді.

 

Кәсіпкерлік және сауда басқармасы өңірдегі мұнай өнімдері нарығындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және заңсыз тасымалдаудың алдын алу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап, жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.

 

Литва Беларусьтен ұшып келген шарларға байланысты төтенше жағдай жариялады

0

QULAGER.KZ. Литва үкіметі көрші Беларусьтен ауа райын бақылауға арналған шарлар түрінде контрабандалық темекілерді алып өтуге қатысы бар бірнеше заңсыз шекара бұзу жағдайына жауап ретінде «ел аумағында төтенше жағдай» жариялады, деп жазады ERNUR.KZ.

 

Литва Премьер-министрі Инга Ругиниене бұл шарлардың әуе кеңістігіне енуін Беларусь тарапынан жасалған «гибридтік шабуыл» деп айыптап, оның ұлттық қауіпсіздікке және азаматтық авиацияға нақты қауіп төндіріп отырғанын айтты. Ресми тұлғалардың айтуынша, тек биылдың өзінде контрабандамен байланысты шамамен 600 шар және 200-ге жуық дрон Литва әуе кеңістігіне кірген, бұл Вильнюс әуежайының бірнеше рет жабылуына әкелген.

 

Ал Беларусь басшысы Александр Лукашенко бұл заңсыз өтулерге өз елінің қатысы жоғын мәлімдеп, мәселені ЕО мен НАТО-ға мүше Литваның «саясиландырып отыр» деп айыптады. Литваның бұл жолғы «төтенше жағдай режимін» енгізу шешімі 2022 жылы Ресей Украинаға толыққанды басып кіргеннен кейін енгізілген төтенше жағдайдан бір саты төмен. Бұл режим қарулы күштерге жылдамырақ және тиімді әрекет ету үшін қосымша өкілеттіктер береді.

 

Литва президенті Гитанас Науседа шарлар арқылы төнген қауіп «Литвадағы жағдайды дестабилизациялауға бағытталып әдейі жасалған әрекет екеніне» дәлел көп екенін айтты. Еуропаның бірнеше елі бұған дейін Ресей тарапынан келіп жатқан түрлі қауіптерге тап болған-ды. ЕО бұны «гибридтік науқан» деп атап, оған диверсия, маңызды инфрақұрылымға зиян келтіру және маңызды нысандар маңында дрондардың ұшуы кіретінін мәлімдеді.

 

Литва бұған дейін де Беларусьті осындай арандатушылық әрекеттер бойынша айыптаған. Төрт жыл бұрын Таяу Шығыстан шыққан мыңдаған заңсыз мигрант Беларусь арқылы Литваға өткен еді.

Теле және радиоэфирде орындалған шығармалардың авторларына автоматты түрде сыйақы есептеледі

0

QULAGER.KZ. Қазақстанда авторлық құқықтарды ұжымдық басқару саласы цифрландырылады. Авторлық қоғамдардың жұмысының ашықтығын, сондай-ақ жиналған сыйақыны әділ бөлу мен төлеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық платформа құру жоспарланып отыр. Сол арқылы авторлық авторлық сыйақының жолы – туындыны пайдаланудан бастап авторға төлем жасалғанға дейінгі бүкіл процесс – толықтай бақыланады және түсінікті болады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова хабарлады.

 

Спикер платформаның енгізілуі авторлық қоғамдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететінін, барлық тараптың ақпаратқа қолжетімділігін арттыратынын және құқықтарды ұжымдық басқару жүйесіне деген сенімді күшейтетінін атап өтті. Автор өзінің жеке кабинетінде шығармаларының қайда және қалай пайдаланылғанын көріп отырады, ал пайдаланушылар есептің дұрыс жүргізілуін растай алады.

 

«Платформа шарттар жасасудан бастап авторларға сыйақы төлеуге дейінгі барлық процесті қамтиды. Сонымен қатар цифрлық платформаны құру орындалатын туындыларды есепке алу мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қазір телевидение мен радио арналарын автоматты түрде тану және шығармаларды есепке алу жүйесіне қосу жұмыстары жүріп жатыр. Мысалы, музыкалық шығарма телеарна немесе радиода орындалса, бұл ақпарат цифрлық жүйеде тіркеледі, ал авторға сыйақы белгіленген ережелерге сәйкес автоматты түрде есептеледі. Мұндай технологиялар қолмен есеп жүргізуден бас тартып, нақты цифрлық деректерге көшуге жағдай жасайды: қандай шығарма, қанша рет және қай кезеңде орындалғаны анық көрініп тұрады. Бұл сыйақыны бөлудегі әділдік пен дәлдікті айтарлықтай арттырады», – деп түсіндірді спикер.

 

Бірыңғай цифрлық платформа үш кезеңмен енгізіледі. Бірінші кезеңде, келесі жылдың қаңтарынан бастап, платформа арқылы эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары жұмыс істейді, екінші кезеңде – 2026 жылғы 1 шілдеден бастап – театрлар, кинотеатрлар мен филармониялар қосылады, ал үшінші кезеңде – 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап өзге де барлық пайдаланушылар жүйеге қосылады.

Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды

0

QULAGER.KZ. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлік-транзит саласын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, қаржы министрі Мәди Такиев, жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов және «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

 

Көлік министрлігінің мәліметінше, биыл 13 мың шақырым жол салынып, жөнделген. Автотасымалдаушылар 288 млн тонна жүк жеткізді (+1,7%), жолаушылар ағыны 1,5 млрд адамға жетті (+12,2%). Көліктік бақылауды автоматтандыру және электронды ілеспе құжаттарды енгізу жалғасуда. Авиацияда 139,6 мың тонна жүк өңделіп, 13,1 млн жолаушы тасымалданды. Темір жол тасымалы 380,3 млн тоннаны (+7,9 %) құрап, 16,4 млн жолаушы тасымалданды.

 

Премьер-министр Мемлекет басшысы Қазақстанды Еуразия кеңістігіндегі басты көлік торабына айналдыру бойынша стратегиялық міндет қойғанын атап өтті.

 

«Мемлекет басшысы Қазақстанды Еуразия кеңістігіндегі басты көлік торабына айналдыру бойынша стратегиялық міндет қойды. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Мәселен, Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) өткізу қабілеті ұлғайтылды, шетелдік серіктестермен тарифтік саясат үндесімді түрде жүргізіліп, жүктерді жеткізу мерзімдері қысқартылды. Автожол инфрақұрылымын транзиттік және халықаралық дәліздерге басымдық бере отырып жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Нәтижесінде контейнерлік тасымал көлемі өсті. Қазақстан-Қытай шекарасында пилотсыз тасымал мен бірыңғай электрондық декларацияны қамтитын «Ақылды кеден» жобасы жүзеге асырылып жатыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

 

Жыл басынан бері Ұлттық қордың валюталық активтері 4,8 миллиард долларға өсті

0

QULAGER.KZ. Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

 

Президентке экономика мен қаржы жүйесінің жай-күйі және биылғы қаңтар-қараша айларында жүргізілген ақша-несие саясатының негізгі бағыттары жөнінде есеп беріліп, 2026 жылға арналған жоспар таныстырылды.

 

Тимур Сүлейменов іскерлік белсенділік, инфляцияға ықпал ететін факторлар және бағаны тұрақтандыру үшін қабылданған шаралар туралы айтты.

 

Үкімет, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономиканы тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті.

 

Қаржы, валюта және мемлекеттік бағалы қағаздар нарықтарындағы жағдай, Ұлттық қор мен Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры активтерінің, алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы мәлімет берді.

 

Жыл басынан бері Ұлттық қордың валюталық активтері 4,8 миллиард долларға өсті.

 

11 айдағы инвестициялық табыс шамамен 8,2 миллиард долларды немесе 13,7 пайызды құрады.

 

Есепті кезеңде алтын-валюта резервтері 16,3 миллиард долларға немесе 36 пайызға ұлғайып, 62,1 миллиард долларға жетті.

 

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі биыл қаңтар-қараша айларында 2,6 триллион теңгеге немесе 11,7 пайызға артып, 25 триллион теңге болды.

 

Жаппай цифрландыру барысы және Ұлттық банктің цифрлық жобалары жөнінде баяндады. Соның ішінде Антифрод орталықтың жұмысына, ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымдарын технологиялық тұрғыдан жүзеге асыруға мән берілді.

 

Ұлттық банк баға тұрақтылығын сақтап, инфляцияны орташа 5 пайыздық межеде ұстап тұру үшін барлық қажетті шараны қабылдауда.

 

Президент инфляцияны төмендетуге, қаржы нарығы мен цифрлық трансформация секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге баса назар аударып, Ұлттық банк қызметіне қатысты бірқатар тапсырма берді.