Home Blog Page 60

Қазақстанда Нипах вирусын жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ

0

Қазақстан Республикасында Нипах вирусын жұқтыру, сондай-ақ оны ел аумағына әкелу жағдайлары тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Сонымен қатар, профилактика мақсатында және Үндістандағы Нипах вирусы бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік шекара арқылы барлық өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейтті.

 

Үндістаннан және ауру тіркелген Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдерінен келген адамдарға ерекше назар аударылады. Осы инфекция бойынша қолайсыз елдердің тізбесі тұрақты негізде қайта қаралады және жаңартылады.

 

Медициналық ұйымдар инфекцияны әкелу мүмкін болған жағдайда дайындыққа келтірілді. Шұғыл медициналық көмек және инфекциялық стационарлар бригадаларының дайындығы қамтамасыз етілді, дәрілік заттардың, жеке қорғану құралдарының және дезинфекциялау құралдарының азайтылмайтын қорлары қалыптастырылды.

 

Инфекцияның таралуының профилактикасы мақсатында эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға жеке профилактика шараларын сақтау және қайтып келгеннен кейін аурудың белгілері пайда болған кезде дәрігерге болу елі туралы хабарлай отырып, дереу медициналық көмекке жүгіну ұсынылады.

 

Анықтама:

Нипах вирусы зооноздық инфекцияларға жатады және адамдарға жануарлардан, соның ішінде жарқанаттар мен шошқалардан, сондай-ақ жұқтырған адаммен тығыз байланыста болады. Ластанған тағамдар мен сусындар арқылы берілуі мүмкін.

 

Ауру жоғары температурамен, бас ауруымен, жалпы әлсіздікпен, ал ауыр жағдайларда орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен және пневмонияның дамуымен бірге жүруі мүмкін.

 

Бүгінгі күні Нипах вирусына қарсы арнайы емдеу және мақұлданған вакцина жоқ, медициналық көмек симптоматикалық болып табылады.

Түркістан облысында қаңтарда қызанақ пісті

0

Түркістан облысының Келес даласында қызанақ пісті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Еліміздің бірқатар өңірінде қалың қар түсіп, аяз күшейіп тұрған шақта, топырағы құнарлы Түркістан облысының Келес даласында қызанақ пісті. Қыс мезгілінде көкөніс өнімін өндіру – аудан диқандарының тың технология мен табанды еңбегінің нақты көрінісі.

 

Келес ауданындағы «Мұстафа» шаруа қожалығы 5 гектар аумақты қамтитын жылыжай кешенінде жұмыс жүргізуде. Оның 1 гектарына израильдік «Малика» сорты егілген. Қазіргі таңда піскен қызанақ ішкі нарыққа шығарылып, тұтынушыларға жол тартуда.

 

Шаруа қожалығы бір гектардан 80-90 тоннаға дейін өнім алуды көздеп отыр. Бұл – қыс мезгіліндегі жоғары көрсеткіштердің бірі. Жылыжайда тұрақты түрде 8 адам жұмыспен қамтылған. Агроном Ибраһим Қарсыбаевтың айтуынша, «Малика» сұрпы өнімділігімен және сапасымен ерекшеленеді.

 

– Бұл сұрып жылыжай жағдайына бейімделген, ерте піседі және тасымалдауға төзімді. Дәмдік сапасы жоғары, сақтау мерзімі ұзақ. Қысқы кезеңде температура мен ылғалдылық тұрақты бақылауда болады, агротехникалық талаптар қатаң сақталады. Соның нәтижесінде сапалы әрі мол өнім алуға қол жеткізіп отырмыз, – дейді маман.

 

Алдағы уақытта жылыжайдың қалған бөлігіне қызылша дақылын егу жоспарланып отыр. Бұл өнім түрін көбейтіп, ішкі нарықты әртараптандыруға мүмкіндік береді.

 

Айта кетейік, Келес ауданының жалпы аумағы 345 мың гектардан асады. Соның 26 мың гектарына шаруалар егін егеді. Аудан диқандарының тынымсыз еңбегі ауыл шаруашылығы саласының дамуына серпін беріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға өз үлесін қосуда.

Түркістан облысында тарихи-мәдени мұраларды цифрландыру қарқынды жүргізіліп жатыр

0

Түркістан облысында тарихи-мәдени мұраларды цифрландыру қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қарқынды дамыған сайын ұлттық бірегейлікті  нығайтудың маңызы арта түсетінін атап өтті. Президенттің айтуынша, төл тарихы мен мәдениетін цифрлық форматқа көшірген елдер ғана жаһандық өркениетте өз орнын сақтай алады. Осы тапсырмалар аясында Түркістан облысында аталған бағытта қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

 

Кітапханалар тарихи-мәдени мұраны насихаттауда маңызды рөл атқарады. Бүгінде Түркістан облысында 388 кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетеді. Оның ішінде Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы әдістемелік орталық ретінде жұмыс істейді. Қазіргі таңда 349 кітапхана компьютерлік техникамен қамтамасыз етіліп, 217 кітапхана интернет желісіне қосылған. Аудандық, ауылдық кітапханаларды, интернет желісімен, компьютерлермен қамтамасыз ету жоспар бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

 

Облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы заман талабына сай жаңа технологиялармен жабдықталған. Кітапхана ИРБИС бағдарламасымен жұмыс істейді. Бүгінде оның базасына  40 мыңнан аса кітап енгізілген. Ал аудандық және қалалық кітапханаларда «Рабис», «Веб-Рабис» және «Мега-Рабис» жүйелері қолданылуда.

 

«Фараб» кітапханасында ИРБИС-64 бағдарламасы арқылы 24/7 режимде жұмыс істейтін автоматты кітап беру және қабылдау терминалы орнатылған. Бұл жүйе  оқырмандарға кітапханашының көмегінсіз қызмет алуға мүмкіндік мүмкіндік беріп, уақытты үнемдеуге жол ашады.  Сондай-ақ кітапханада RFID жүйесі енгізілген. Биыл кітапхана базасында «Дрон» сыныбын ашу жоспарланып отыр.

 

Кез келген оқырман мен қонақтың қызығушылығын арттыру мақсатында «FabLab» сандық шеберханасы үздіксіз жұмыс істейді. Мұнда 3D-принтерлер, түрлі өрнек салуға арналған лазерлік құрылғылар, үлкен көлемдегі ағаш кесетін станоктар және кішкентай дүниелерден бастап, күрделі робот жасауға дейін мүмкіндік беретін заманауи құрал-жабдықтар толық қамтылған.

 

Бұдан бөлек, биыл Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы Түркістан қаласынан жаңа ғимаратқа орналасты. Заманауи кітапханада оқырман балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Face-ID жүйесі және оқырман билетін  жылдам шығару принтері орнатылды. Оның көмегімен кітапханаға келген әрбір келуші сыртында аты-жөні жазылған жеке оқырман билетіне ие болады. Сондай-ақ балалар кітапханасының барлық қоры тіркеліп, сандық жүйеге көшу бойынша Ирбис бағдарламасын орнату жоспарлануда.

 

Айта кетсек, бүгінде облыстағы 24 музей толығымен компьютермен қамтылып, интернет желісіне қосылған. Түркістан қаласындағы  «Ұлы Дала Елі» орталығы кинетикалық, интерактивтік, анимациялық және аудиовизуалды технологиялардың арқасында Қазақстандағы жоғары технологиялық нысандардың бірі болып саналады. Әр экспозициялық залдарда қабырғаларда декорацияға арналған жалпы саны 8 дана LED экран орналасқан. Ол LED экрандарда экспозицияға арнайы жасалған бейне роликтер көрсетеді.  Сонымен қатар орталықта әр залдарында жалпы саны 24 дана LCD панель электронды сенсорлы құрылғылар қойылған. Онда орталықтағы жәдігерлер туралы ақпараттар 3 тілде жазылған. Келген турист өзіне керекті жәдігер туралы толық ақпарат ала алады. Цифрлық технологияларды енгізу тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттауды жаңа деңгейге көтеріп, өңірдің рухани әлеуетін кеңінен танытуға мүмкіндік береді.

Путин мен АҚШ-тың арнайы өкілі үш сағат әңгімелесті

0

фото: Александр Казаков/РИА Новости

QULAGER.KZ. Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен кездесті. Олардың әңгімесі үш жарым сағаттан астам уақытқа созылды, деп жазады ERNUR.KZ.

 

Кездесуге Ресей тарапынан Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев пен оның көмекшісі Юрий Ушаков қатысты. Ал АҚШ тарапынан АҚШ президентінің күйеу баласы Джаред Кушнер және АҚШ-тың Жалпы қызметтер басқармасына қарасты Федералдық сатып алу қызметінің комиссары Джош Грюнбаум қатысты. Грюнбаум жуырда Дональд Трамп құрған Бейбітшілік кеңесінің атқарушы комитетінің аға кеңесшісі болып тағайындалып, Мәскеумен өткен келіссөздерде алғаш рет бой көрсетті. Кездесудің қорытындысы туралы ресми ақпарат жоқ. Басылымның мәліметінше, келіссөздер барысында Украинамен байланысты реттеу мәселелері мен оған қатысты өзге де тақырыптар талқыланған.

 

Бұған дейін Путин тараптардың Мәскеуді Бейбітшілік кеңесіне шақыру мәселесін және Ресейдің бұғатталған активтері тақырыбын қарастыратынын мәлімдеген еді. Кейінірек ресейлік БАҚ Ушаков “Кремльде өткен кездесу барлық тұрғыдан Ресей үшін де, АҚШ үшін де пайдалы болды” деді.

 

“23 қаңтарда Абу-Дабиде қауіпсіздік мәселелері бойынша Ресей Федерациясы, АҚШ және Украинаның үшжақты жұмыс тобының алғашқы отырысы өтетіні жөнінде келісімге келдік. Ресей тарапынан келіссөздер тобын Барлау басқармасының басшысы Игорь Костюков басқарады”, – деді Ушаков.

 

ТАСС агенттігінің мәліметінше, келіссөздер барысында Ресей аумақтық мәселе шешілмейінше, Украинадағы ұзақ мерзімді реттеуге үміт артудың қажеті жоқ екенін мәлімдеген. Сондай-ақ Ресей түпкілікті келісімге қол жеткізілгенге дейін соғысты тоқтатпайтынын айтқан. Путиннің Кремльде америкалықтармен кездесуінде Бейбітшілік кеңесі, Гренландия және бірқатар өзге тақырыптар да қозғалған.Кремльдегі келіссөздер Дональд Трамптың Давоста Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуінен кейін араға көп уақыт салмай өтті.

 

Көшбасшылар бұл байланысты оң бағалағанымен, Киевке кепілдіктер беру жөніндегі құжаттарға қол қойылған жоқ.Бұған дейін Владимир Зеленский Ресей, Украина және АҚШ арасындағы үшжақты келіссөздер 23-24 қаңтарда БАӘ-де өтетінін хабарлаған еді. Financial Times басылымының дерегінше, тараптар “энергетикалық бітім” мүмкіндігін талқылап жатыр, ал америкалық делегация бұл мәселені Кремльдегі кездесуде көтеруді жоспарлаған.

 

Ким Чен Ын саунада жуынып жатқан әйелдердің бөлмесіне баса көктеп кірді

0

фото: KCNA

QULAGER.KZ. КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын еңбекшілерге арналған Онпхо демалыс үйінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Салтанат пен кешенді аралау барысында түсірілген фотосуреттерді Кореяның орталық телеграф агенттігі жариялады, деп жазады ERNUR.KZ.

 

Агенттік мәліметінше, шамамен 80 жылдық тарихы бар Онпхо демалыс үйі толықтай қайта жаңғыртылып, заманауи мәдени демалыс пен бальнеологиялық емдеу орталығына айналған. Оның аумағында сауықтыру нысандары, кешенді сервистік базалар, сондай-ақ табиғи ландшафтпен үйлесімді түрде салынған түрлі сауналар орналасқан.

 

Корея еңбек партиясы орталық комитетінің хатшысы Ли Ир Хван жаңартылған демалыс үйі «аймақтардың даму деңгейін көрсететінін» атап өтіп, бұл орын келушілерге «денсаулық пен өмірлік қуатты қалпына келтіруге, социалистік өмірге деген зор мақтаныш пен қуаныш сезінуге мүмкіндік береді» деді.

 

Ким Чен Ын нысанды пайдалануға беру дайындығын аяқтап, демалыс үйін ақпан айында келушілерге ашуды тапсырды.

Президент ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды

0

Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзінің ең мықты спортшылары бақ сынайтын Италиядағы XXV Қысқы Олимпиада ойындары мен XIV Қысқы Паралимпиаданы айрықша маңызды оқиға деп атады.

 

– Олимпиада ойындарына 40-қа жуық спортшымыз қатысады. Олар спорттың 10 түрінен жарысқа түседі. Ұлттық құрама мүшелерінің жартысынан көбі Олимпиадаға алғаш рет бара жатыр. Жаһандық бәсеке сіздер үшін зор мүмкіндік әрі үлкен сынақ болмақ. Қысқы Олимпиадаға жолдама алу үшін спортшыларымыз көптеген белестен өтті. Түрлі халықаралық жарыста табысты өнер көрсетіп, 17 алтын, 31 күміс және 21 қола медальға ие болды. Сонымен бірге біз Паралимпиада ойындарында ел абыройын қорғайтын спортшыларымызға зор сенім артамыз. Паралимпиадашылардың ерекше құлшынысы және мықты ерік-жігері көпке үлгі. Наурыз айының басында Италияда өтетін Паралимпиада ойындарына әзірге 10 лицензия алдық. Лицензия саны әлі де көбеюі мүмкін, – деді Президент.

 

Мемлекет басшысы төрт жылда бір өтетін байрақты бәсекеге қазақстандық спортшылар тыңғылықты дайындалғанына тоқталып, Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарында шын мықтылар күш сынасатынын айтты.

 

– Әрине, спортта жеңісті болжау мүмкін емес. Бірақ Сіздер қатаң іріктеулерден сүрінбей өтіп, Қазақстанның олимпиадалық құрамасына мүше болдыңыздар. Осының өзі, Сіздердің әлеуеттеріңізді, жеңіске деген ұмтылыстарыңызды танытады. Тәуелсіздік алған уақыттан бері спортшыларымыз Қысқы Олимпиада ойындарында шеберлік танытып, бірнеше мәрте жеңіс тұғырынан көріне білді. Владимир Смирнов, Людмила Прокашева, Елена Хрусталева, Денис Тен, Юлия Галышева сияқты Олимпиада жүлдегерлерінің есімдері отандық спорт тарихына алтын әріптермен жазылды. Әлемдік спорттағы ірі ареналарда топ жарған отандық атлеттердің құрметіне талай рет Әнұран шырқалып, еліміздің Туы көкте желбіреді. Алдағы уақытта да жарқын жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін. Жақында Ұлттық құрылтай отырысында атап өткенімдей, спорттағы жетістіктер тұтас еліміздің мәртебесін көтеріп, жалпыұлттық бірлікті және Қазақстан Республикасының қазіргі әлемдегі беделін нығайтады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Президент намысты қолдан бермеген спортшыларымыз талай бәсекеде топ жарып, еліміздің мерейін асырып, нағыз жасампаз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп жүргенін атап өтті

 

– Әр азаматымыздың жетістігі – Қазақстанның жетістігі. Әр спортшының абыройы – барша қазақтың беделі. Жеңіске жету үшін талап пен табандылық керек. Сіздер шеберліктеріңізді шыңдап, аянбай еңбек еттіңіздер. Соның арқасында дүбірлі додаға қатысуға мүмкіндік алдыңыздар. Олимпиада чемпионы болу – әр спортшының арманы. Осы мақсатқа бір табан жақын тұрсыздар. «Ел сенімі – ерге жүк» дейді халқымыз. Баптарыңыз және бақтарыңыз қатар шауып, жүлдемен келесіздер деп сенемін. Барша халқымыз Сіздерге жанкүйер, тілекші болады. Бәріңізге сәттілік, жеңіс тілеймін! Көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін! – деді Мемлекет басшысы.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын Ұлттық құраманың мүшелері Денис Никиша мен Аяулым Әмреноваға және Қазақстан паралимпиадалық командасының мүшесі Ербол Хамитовқа табыстады.

ПАРЛАМЕНТТІ ҚҰРЫЛТАЙ ДЕП АТАУДЫ ҰСЫНУ РУХТЫ ТЕРБЕТТІ

0

Ақ күріштің отаны саналған Қызылорданың төрінде өткен Құрылтайда бұған дейін өткен төрт Құрылтайдағы айтылған ұсыныстардың орындалу нәтижелеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір шолу жасап барып, негізгі бағдарларға тоқталды.

Қызылордадағы Құрылтайдан жұртшылық көп жаңалық күтті. Ең бастысы Конституцияға енетін өзгерістерді білгіміз келетінімізді жасыра алмаймыз, оның ішінде бір палаталы Парламент мәселесі әрине асыға күттік. 2022 жылғы Бүкілхалықтық референдумда Конституциямыздың 33 бабы жаңарды,оған дауыс бердік. Енді уақыт бір орында тұрмайды, әлемде геосаяси жағдай тұрақсыз, сондықтан елдің қарқындап дамып, тәуелсіздігімізге нұқсан келмей, нығайа түсуі үшін заң шығарушы биліктегі депутаттарымыздың саяси жігерлілігі, жан-жақты мықтылығы, біліктілігі, тәжірибелі болуы қажет екеніне көз жетті

Ата заңға енетін өзгерістердің ауқымы кеңдігін ескере отырып Мемлекет басшысы Конституциялық комиссия, Халықтық кеңес құру туралы Жарлық шығаратынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы комиссия жұмысының қорытындысы бойынша бүкілхалықтық референдум өту уақытын белгілейтінін айтты. Тиімді өзгерістер әркезде дамудың кілті. Саяси жүйенің жаңғыруы, мемлекет мүддесін қорғайтын, халықтың қамын ойлайтын әділ билік, баршаға бірдей тең көзқарас қашанда тұрақтылықтың арқауы.

Мемлекет басшысының Құрылтайда Конституциямызға Әділетті Қазақстанды ең жоғары мақсат тұтып оған жетуді енгізу туралы акцент беруі шынайы патриотизмнің көрінісі .Халық бағзы заманнан-ақ ащы да болса шындықты етіне жақын санайды. Парламенттегі Президент квотасының алынып тастау ұсынысы бұл Президенттің айқын әділ ұстанымы,өзіне сенімділігі, кәсіби Парламенттің жасақталуына берілген жаңа мүмкіндік.

Мемлекет басшысының сөзінің бірден-бір өзіме ой салған тұсы патриотизм мәселесі болды. Патриотизм туралы көп айтуға болады, оның тірелер тұсы қані? Кешегі кеңес дәуірінде ұрандатқан жалаң патриотизм болды бәріміз мойындаймыз. Ол кезде де отаншылдық, елжандылық ,мәдени ортаға, туған жерге сүйіспеншілік терминдері болды, бірақ олар интернационализммен астарласып жатты, еңбек адамын қадірлеу де болды, еңбек адамдары Жоғары Кеңесте де отырды, бірақ одан пайда шамалы болды. Маманның аты маман,”тауық сойса да қасапшы сойсын “деген.Патриотизм бүгінде жаңа сипатқа ие болуда, адамгершілік, патриоттық сананы қалыптастыру, бойыңдағы ақыл мен білімді ел игілігіне жұмсау. Бүгінде патриотизм психологиялық саяси-әлеуметтік ортада қалыптасатын құбылыс- терең сана. Сондықтан өскен ортасы қандай екен деп сұрап жататыны қазақтың жәй емес. Әсіресе жасанды интеллект дамыған дәуірде әрбір қазақстандықтың жүрек дүрсілінің Отан деп соғуы алынбайтын қамал, көшпейтін бақ. Қазақстандық бірлік пен межелі тірліктің үндестік табуы патриоттық иммунитеттің мықтылығында. Ал, Мемлекет басшысының Құрылтайда Парламентті Құрылтай деп атауды ұсынуы руханиятқа деген құрметтің биігі, елжандылықтың сұлтаны болды.

“AMANAT “ партиясы филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары,облыстық мәслихат депутаты,облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі

Ұлыбританияда алғашқы автономды ірі тікұшақ сынақтан өтті

0

фото: armyrecognition.com

QULAGER.KZ. Жоба болашақта ірі автономды тікұшақтардың пилот басқаруындағы әуе техникасымен бірлесе әрекет ету мүмкіндігін көрсетуге бағытталған, деп жазады ERNUR.KZ.

Proteus деп аталған тікұшақ – Leonardo компаниясы Корольдік Әскери-теңіз күштері үшін әзірлеген.

Тарихи сәтті сала өкілдері, Корольдік флот пен Ұлыбританияның қорғаныс ведомстволары бақылап отырды.

Сынақ кезінде Proteus қысқа бағдарлама орындап, барлық ұшу жүйелерін адамның тікелей араласуынсыз толық өздігінен басқарды.

Тікұшақта экипаждың орнына заманауи сенсорлар мен борттық есептеу жүйелері орнатылған.

Proteus бір тоннадан астам жүк көтере алады.

Израильдің ұлттық су компаниясы Түркістан облысында жаңа жобаларды жүзеге асыруға ниетті

0

Израильдің ұлттық су компаниясы Түркістан облысында жаңа жобаларды жүзеге асыруға ниетті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Түркістан облысына Израиль мемлекетінің «Mekorot» су компаниясының делегациясы жұмыс сапарымен келді. Делегацияны Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қабылдады. Кездесу барысында тараптар су ресурстарын тиімді басқару және су шаруашылығын дамыту бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар өңірдегі су инфрақұрылымын жетілдіру, тәжірибе алмасу және екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Облыс басшысы екіжақты ынтымақтастыққа ашық екенін жеткізіп, жаңа жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін айтты.

– Түркістан облысы үшін су ресурстарын тиімді басқару – стратегиялық маңызы бар мәселе. Ауыз су қызметтерін цифрландыру да өзекті мәселе. Алдағы уақытта облыс көлеміндегі 351 660 абонентті цифрландыру жұмыстарын «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында іске асыру жоспарлануда. Заманауи технологиялар мен басқару тәсілдерін енгізу өңірдің су шаруашылығын дамытуға тың серпін береді деп сенеміз, – деді Нұралхан Көшеров.

«Mekorot» компаниясының президенті Даниэль Соффер компанияның негізгі қызмет бағыттары туралы кеңінен ақпарат беріп, Қазақстан аумағында қолға алынған жобаларға тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар су шаруашылығы саласындағы өзара әріптестікті дамытуға мүдделі екендерін білдіріп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға уағдаласты.

«Mekorot» 1937 жылы құрылған Израильдің мемлекеттік ұлттық су компаниясы. Елдегі су ресурстарын басқару және ұлттық су қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында біртұтас ұлттық оператор функциясын атқарады. Компанияның тәжірибесі халықаралық ұйымдар тарапынан су тапшылығы мен климаттық тәуекелдер жағдайында су ресурстарын басқарудың ең тиімді үлгілерінің бірі ретінде мойындалған.

Айта кетейік, облыс аумағында 801 елді мекен (7 қала, 794 ауылдық елді мекен) 2025 жылдың қорытындысымен 100 пайыз ауыз сумен қамтылды. Сонымен қатар бүгінгі таңда облыс көлемінде 430 мыңнан астам халқы бар 155 елді мекенге ауыз су кестемен берілуде. Мәселені шешу мақсатында, 2025-2028 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес, 2025 жылы 37 елді мекендегі 100 мың халық тәулік бойы ауыз сумен қамтылды. Биыл 39 елді мекендегі мәселені шешу қарастырылған.

Түркістан облысында бидай өңдейтін зауыт іске қосылды

0

Түркістан облысында бидай өңдейтін заманауи зауыт қайта жаңғыртылып, іске қосылды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытында қарқынды жұмыс жүріп жатыр.  Мақсат – экспорт көлемін ұлғайту.

Түлкібас ауданында «MK ALTYN NAN» ЖШС-ның  ұн шығаратын зауыты қайта жаңғыртылып,  іске қосылды. Маңызды диірмен кешенінің жүмысымен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы танысты.

Облыс басшысы диірмен кешені ұжымымен кездесуде өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағытындағы жобаларға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Мұндай өндіріс орындарының іске қосылуы аудан экономикасын нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететінін жеткізді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауларында ауыл шаруашылығын дамытып, өнімді өңдеу үлесін арттыруды тапсырды. Іске қосылып отырған бұл кешен – сол нақты тапсырмалардың жергілікті деңгейде жүзеге асуының айқын көрінісі.  Қайта жаңғырған кәсіпорын – облыстың өндірістік әлеуетін арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге жол ашатын маңызды жоба. Жаңартылған зауыт сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім өндіріп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді деп сенемін.  Осы жобаның жүзеге асуына үлес қосқан инвесторларға  алғысымды білдіремін. Жобаны кеңейтуге қолдау көрсетуге дайынбыз,  – деді Нұралхан Көшеров.

Аталған кәсіпорын бидай өнімін өңдеуге бағытталған. Зауыт алғаш рет 1986 жылы іске қосылып, 2018 жылы тоқтап қалған. 2024 жылдың желтоқсан айында кәсіпорын толықтай қайта жаңғыртылып, өндірістік қуаты мен технологиялық мүмкіндіктері арттырылды. Бұл ретте мемлекеттік қолдауды пайдаланып, несие алған. Қазіргі таңда зауыт жылына 120 мың тонна бидай өнімін өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорында 140 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Диірмен кешені басшылығы жобаны кеңейтіп, өнім көлемін арттыруды көздеп отыр.

Түлкібаста шығарылған ұн Қазақстан Республикасының ішкі нарығымен бірге Өзбекстан, Түркіменстан және Ауғанстанға экспортталуда.

Түлкібас ауданында іске қосылған бұл зауыт өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және аграрлық саланың дамуына өз үлесін қоса бермек.