Home Blog Page 174

12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 27 қарашада Қазақстанның 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында тұман.

Астанада түнде және таңертең тұман.

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында тұман.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Атырау облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні — 15-18 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.

Жетісайда жаңа зауыт салынады.

0
Мемлекет басшысының бастамасымен жыл сайын кәсіпкерлерге жасалатын мемлекеттік қамқорлықтардың қатары артып, берілетін несиелердің суммасы да көбейіп отыр.
Ауданға инвестиция тарту, жаңа жобаларды жүзеге асыру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы жүзеге асыру мақсатында бірқатар жобаларды жүзеге асыруды қолға алған Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов Қытай елінің Синьзян провинциясының «Цзинь Тайян Ко., ЛТД» компаниясының басшысы Луи Кесонганы қабылдап, жалпы құны 15 млн АҚШ доллары (7,5 млрд теңге) болатын инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша меморандумға қол қойды.
Аталмыш жоба аясында шетелдік кәсіпкер аудан аумағында ауыл шаруашылығы саласына қажетті тамшылатып суғару әдісін жүзеге асыруға арналған құрал-жабдықтар мен пленкаларды шығаратын зауыт салатын болады.
–Ағын суды үнемдеу мен өнім сапасын арттыруда аса тиімді тамшылатып суғару әдісін кеңінен жүзеге асыруға қажетті құрал-жабдықтардың ауданымызда шығарылуы шаруалар үшін де, аудан экономикасы үшін де пайдалы болмақ. Одан бөлек, көптеген жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады, бағасы да тиімді болады, – деген аудан басшысы зауыттың инфрақұрылымы мен қажет болған жағдайда ІІ деңгейлі банктер арқылы несие алу үшін де қолдау көрсететінін жеткізді.
Айта кетейік, жыл басынан бері 31 млрд теңгеге жүзеге асырылған инвестициялық жобалардың 16 млрд теңгесі жеке кәсіпорындар есебінен. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 40 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

Қазығұрт ауданына 36 млрд теңгеден аса инвестиция тартылды

0
Қазығұрт ауданында 2024 жылдың 10 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 96,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,2 пайызға артық орындалған. Оның ішінде, ауыл шаруашылығында — 58,4 млрд теңге, құрылыс саласында — 9,3 млрд теңге, өнеркәсіпте — 12,1 млрд теңге, сауда көлемі — 16,6 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, ауданға 2024 жылдың 10 айында 36,2 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл жайында Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
«Қазығұрт ауданында 2024-2030 жылдар аралығында инвестициялық құны 55,1 млрд теңге болатын 45 жоба іске асырылып, 1 364 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Сонымен қатар, өнеркәсіп саласында құны 30,8 млрд теңгеге 15 жоба іске асырылып, 390 адам жұмыспен қамтылмақ. Ал, ауыл шаруашылығы саласында құны 18,9 млрд теңге болатын 18 жобаны іске асыру көзделуде, нәтижесінде 784 адам жұмыспен қамтылмақ. Бүгінде аудандағы Тұрбат ауылында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің өнім көлемін арттыру үшін 60 гектар жер аумағына «Тұрбат» агроиндустриалды аймағын құру жоспарлануда. Аталған аймақта 3,8 млрд теңгеге жылыжайлар салынып, 416 адам жұмыспен қамтылмақ. Сонымен қатар, ауданда биыл мал шаруашылығында 35,6 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, егін шаруашылығында 22,8 млрд теңгенің өнімі өндірілген»,- деді аудан басшысы.
Бұдан бөлек, ауданда 2025-2030 жылдары туризмді дамыту мақсатында жалпы құны 3,3 млрд теңге болатын 6 жобаны іске асыру жоспарлануда. Жобалар іске асқан жағдайда аудандағы туристік аймақтың әлеуеті артып, туристер саны екі есеге артпақ. Сонымен қатар, ауданда 2024-2030 жылдары тамақтану және сауда саласынды 2,1 млрд. теңгеге 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Инфрақұрылыммен қамту бойынша аудандағы 61 елді мекенің 59-ы ауыз сумен қамтылып, қамту көрсеткіші — 96,7%-ға жеткен. Сондай-ақ, 61 елді мекеннің 60-ы орталықтандырылған электр жүйесімен қамтылып, көрсеткіш 98,4 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар, 61 елді мекеннің 49-ы орталықтандырылған табиғи газға қосылып, қамту көрсеткіші 80,3 пайыз көлемінде.

«AQ ALTYN» ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

0
Түркістан қаласында Орта Азиялық сүт конгресінің «Aq Altyn» ІІ халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады. Халықаралық конференцияға Үндістан, Қытай, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да мемлекеттерден қатысушылар келді.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков конференцияның алғашқы пленарлық мәжілісіне қатысып, өңіріміздегі сүт өндірісінің көрсеткіштері мен мүмкіндіктері туралы баяндады.
– Өздеріңізге белгілі, әлемде халық санының өсіміне байланысты, сапалы азық-түлік тауарларына деген сұраныс жылдан-жылға артуда. Ауыл шаруашылығында шикізат секторымен бірге қайта өңдеу саласын жан-жақты дамыту кезек күттірмейтін мәселеге айналды. Бүгінгі конференция сүт өндірісімен айналысатын кәсіпорындарды біріктіріп, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасауға жаңа бағыттар белгілеп беретініне сенемін, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Облыста өндірілетін жалпы өңірлік өнімнің 20 пайызы агроөнеркәсіптік кешеннің үлесінде. Жұмыс атқарып тұрған 80 мыңнан астам агроқұрылым бар, бұл республикалық көрсеткіштің 31 пайызы.
Қазіргі таңда өңірдегі сүт өнімдерін шығаратын екі ірі фермада мал басы 400 бастан асады. Олар: «Бөрте Милка» және «Шаркул Фуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестері. Биыл тағы 2 инвестициялық жоба жүзеге асты. Жобалар түркиялық «Sezer», швециялық «De-Ieval» автоматты технологиялық қондырғыларымен жабдықталды. Бүгінгі таңда Дания, Венгрия мемлекеттерінен өнімділігі жоғары «гольштейн» тұқымды 605 бас аналық ірі қара мал алынды. Осы жобалар арқылы жылына қосымша 12,6 мың тонна сүт өндіріледі.
Бұдан бөлек, 2025 – 2026 жылдары қосымша жалпы 2000 басқа арналған 3 тауарлы сүт фермасын іске қосу көзделген. Сондай-ақ 32 сүт фермасы мен 23 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі осы бағытта жемісті еңбек етіп келеді. Жылына облыста 410 мың тоннаға жуық сүт өндіріледі. Бұл республикалық көрсеткіштің 12 пайызы.
Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсайтын өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялау бағдарламасы іске қосылған. Облыста сүт өнімін қайта өңдеумен жалпы қуаттылығы 171 мың тоннаны құрайтын 25 шағын, орта және ірі кәсіпорындар жұмыс атқаруда.
Екі күнге созылатын конференцияда әлемдік нарықтағы өзгерістер, сүт өндірісінің даму бағыты талқыланып, технология жаңалықтары таныстырылады.

«Ауыл аманаты» ерекше жобаларға жол ашты

0

Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылған «Ауыл аманаты»бағдарламасы Түркістан облысында өз нәтижесін беріп жатыр. Ауыл тұрғындарының бірі жаңадан кәсіп ашса, бірі шағын кәсіпорнын кеңейтіп, әл-ауқатын жақсартып келеді. Халықты аграрлық бизнеске тарту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қолдау мақсатындағы мемлекеттік жоба жоспарға сай орындалуда.

Түркістан өңірінде биыл 160 жоба толықтай қаржыландырылып, 1,1 миллиард теңге игерілді. Өсімдік, балық, құс және мал шаруашылығын дамыту, кәсіпорындар мен кооперативтерді техникамен қамту, жеңіл өнеркәсіп өндіру сынды жалпы 7 бағыт бойынша жобалар қолдау тапты. Олардың арасында ерекше өнім жасап шығарып, сұранысқа ие болған кәсіпорындар бар.

Түркістан ӘКК АҚ-ның қаржы және «Ауыл аманаты» бағдарламасының мониторингі жөніндегі басқарушы директоры Нұрлыбек Исаевтың айтуынша, бағдарламаға 16 аудандағы 64 ауылдық округ қатысты. Кооперативтерді қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге басымдық берілді. Осы жылы өтініштерді электронды түрде қабылдау жүйесі іске қосылды. Онлайн қабылдау жүйесі -кәсіпкерлердің уақытын тиімді пайдаланып, қолжетімділікті арттыруға септігін тигізуде.

Еске салсақ, 2023 жылы бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 19,8 млрд теңге бөлінді. 6 бағыт бойынша 3200-ден астам жоба жүзеге асырылды. Өткен жылғы жоспар 103 пайызды құрап, артығымен орындалды. Жоба аясында өндірілген өнім көлемі бойынша Түркістан өңірі елімізде көш басынан көрінді. Сондай-ақ 3413 жаңа жұмыс орны ашылды. Қорыта жеткізсек, түркістандықтар «Ауыл аманатының» игілігін көруде.

Өз рекордын бұзған Илон Маск қайтадан жер бетіндегі ең бай адам атанды

0

Америкалық миллиардер, X әлеуметтік желісінің иесі, SpaceX және Tesla компанияларының бас директоры Илон Маск тағы да әлемдегі ең бай адам атанды, деп жазады Stan.kz.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, 22 қараша күні Илон Масктың таза байлығы 347,8 миллиард долларға жетті.

Бұл нәтиже Tesla акцияларының ішінара үздіксіз өсуіне байланысты.

Сондай-ақ Дональд Трамптың сайлаудағы жеңісі бизнесменді саяси алаңға алып келді. Маск алдыңғы рекордын 2021 жылдың қарашасында орнатқан. Ол кезде оның байлығы – 340,4 миллиард доллар болған.

Ал екінші орынды 219 миллиард доллармен Джефф Безос иеленді.

Хуситтер Йемен үкіметімен тұтқын алмасуға дайын

0

Иран қолдайтын «Ансаруллаһ» қозғалысы (хуситтер) Йемен үкіметімен тұтқын алмасу туралы жан-жақты келісім жасауға дайын екенін хабарлады. Бұл туралы Анадолы мәлім етті.

Хуситтер қозғалысының тұтқындар комитетінің басшысы Абдулкадер әл-Муртаза ALTHAWRAH қозғалысының сайтында олардың тарапы ешқандай шартсыз диалогқа дайын екенін айтқан.

– Біз БҰҰ қамқорлығымен бұрын қол қойылған барлық келісімдерді орындауға, сондай-ақ екі жақтың барлық тұтқындарын қамтитын жан-жақты келісімді жасауға дайынбыз, – дейді әл-Муртаза.

Ол сондай-ақ жергілікті шейхтер мен қоғамның құрметті мүшелерін процесті жеңілдету үшін бұл мәселеде араша болуға шақырды.

Бұған дейін Йемен үкіметтік күштері мен хуситтер арасында әртүрлі майдандарда бірнеше рет тұтқын алмасу болған.

Алайда екі жақтан ұсталған тұтқындардың нақты саны әлі белгісіз.

Түркияда тағы бір мұнай зауытында жарылыс болды

0

Түркияның Измир қаласында орналасқан «TÜPRAŞ» мұнай өңдеу зауытындағы шикі мұнайды қайта өңдейтін құрылғыда жарылыс болды, деп жазады inform.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға техникалық ақау салдарынан болған. Алайда, жарылыстың нақты себебі әлі белгісіз. Жарылыс болған соң, оқиға орнына бірден өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен медицина қызметкерлері жіберілді.

Жарылыстан соң өрт шығып, ол аз уақытта оқшауланған. Қазіргі таңда жарылыстың салдарынан зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ, дегенмен жергілікті билік олардың болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. «TÜPRAŞ» зауытының басшылығы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін шұғыл қызмет өкілдерімен тығыз бйланыста жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Ұжым қызметкерлері мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін зауыт жұмысы уақытша тоқтатылды. Экологтар қоршаған ортаға зиян келу мүмкіндігіне алаңдаулы, себебі мұнда өңделетін мұнай көлемі өте мол. Жарылыстың даусы қатты шыққан және артынан тараған түтін алыстан көрініп тұрған. Осыған байланысты жағдайға жергілікті тұрғындар да алаңдаулы.

«TÜPRAŞ» Түркияның ірі мұнай өңдеуші зауыттарының бірі және ол елді энергоресурстармен қамтамасыз етуде стратегиялық маңызға ие. Оқиға орнында қажетті жұмыстар атқарылып жатыр. Жергілікті билік өкілдері жақын арада болған оқиғаны бүгін-шігесіне дейін баяндайды деген үміт бар.

Шавкат Мирзиеев Ұлттық Олимпиада комитетін басқарады

0

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы болып сайланды. ҰОК төрағасының бірінші орынбасары болып Отабек Омаров, Ойбек Қасымов бас хатшы, ал Шерзод Ташматов төрағаның орынбасары болып қайта сайланды, деп жазады ulyssport.kz.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев өз елінің Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы болып сайланды. 25 қарашада ҰОК 41-ші бас ассамблеясы отырысы өткен. Іс-шараға Өзбекстанның премьер-министрі Абдолла Әріпов, президент әкімшілігі департаментінің басшысы Әділ Әбдірахманов, спорт министрі Адхам Икрамов, Азия олимпиада кеңесінің (ОАА) вице-президенті Отабек Омаров, бас ассамблея мүшелері, сондай-ақ федерациялар мен қауымдастықтардың жауапты тұлғалары қатысқан. Отырыста Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитеті басшылығының құрамы қайта құрылған. Өзбекстан премьер-министрі қол жеткізілген жетістіктерді атап өткен, сонымен қатар іске асырылмаған мүмкіндіктерге назар аударған. Күтілетін нәтижелерге қол жеткізбеген федерацияларға сын айтқан. Осыдан кейін күн тәртібіндегі басқа мәселелер қаралған. Алдымен Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа басшысы сайланды (алдыңғы басшысы Рустам Шаабдурахманов 2022 жылдың ақпанында қызметінен кетті, содан бері спорт министрі Адхам Икрамов Комитеттің жұмысын үйлестірумен айналысты).

Димаштың Германиядағы шоуы аншлаг жинады

0

Димаштың командасы Прагада аншлагпен аяқталған шоудан екі күн өткен соң Германияға келді. Қазақстандық музыкант өз мансабында екінші рет Дюссельдорфта жеке концерт берді, деп жазады inbusiness.kz.

2022 жылы Қазақстанның Алматы қаласында басталған Stranger туры екі жыл бойы әртүрлі қалаларды аралап, Ереван (Армения), Анталия және Ыстанбұл (Түркия), Куала-Лумпур (Малайзия), Гонконг (Қытай), Будапешт (Мажарстан) қалаларында болды.

2024 жылдың 13 және 14 қыркүйегінде шоу Қазақстанға оралып, елордадағы үлкен «Astana Arena»-ға екі рет жиналып, қараша айында Еуропаға аттанды. Екі жылдың ішінде концерттік бағдарлама өзгеріп отырды, енді оған Димаштың «Smoke», «When I’ve got you» және «Fire» атты жаңа туындылары кіріп отыр.

Дегенмен, шоудың негізгі концепциясы концерттен концертке дейін өзгеріссіз қалып отыр — әр түрлі тілдегі әндер (қазақ, ағылшын, орыс, француз, қытай, итальян, испан), ұлтты ерекшелеу түрінде, жеке композициялар түрінде және кез келген стильдегі туындылардың қайталанбас орналасуы жағынан. Ән арасында әртістің жанкүйерлері сахнаға гүл шоқтарымен жақындады, Димаш оларды әртүрлі тілдерде амандасып, қарсы алды, селфиге түсіп, басқа елдерге сәлемін жолдады.

«Любовь уставших лебедей» әнін орындағаннан кейін қазақстандық өнерпаз композитор Игорь Крутойға алғыс айтып, 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Содан кейін пайда болған дәстүр бойынша әртіс сахнаға залдан қыз баланы шақырып, ол маэстроның «Аве Мария» вокализінің фрагментін орындады. Димаш 11 жасар Габриэланың өнеріне тәнті болып, оған болашақта бүгінгі концерт сияқты мыңдаған залдарды жинауын тіледі.