Home Blog Page 172

2-8 желтоқсан аралығындағы спорттық іс-шаралар кестесі

0

3-9 желтоқсан – Пара жүзуден әлемдік кезең
Жарысқа әлемнің 15 елінен 150 спортшы қатысады. Ел намысын 5 отандасымыз қорғайды.
Өтетін орны: Мысыр, Каир қаласы.

3-10 желтоқсан– Гандболдан Азия чемпионаты
Сары құрлық додасында Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Үндістан, Нью-Дели қаласы.

4-10 желтоқсан – Спорттық гимнастикадан халықаралық турнир
Ел құрамасынан 8 спортшы өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Сербия, Нови-Сад қаласы.

5-7 желтоқсан – Семсерлесуден халықаралық «Гран-При» турнирі
Турнирге Қазақстан құрамасының 8 спортшысы қатысады.

Өтетін орны: Франция, Орлеан қаласы.

5-8 желтоқсан – Дзюдодан Grand Slam турнирі
Қазақстан құрамасынан 6 палуан жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Жапония, Токио қаласы.

5-8 желтоқсан – Құсбегіліктен республикалық турнир
Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 70 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Алматы қаласы.

6-15 желтоқсан – Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты
Әлемдік додада 5 спортшымыз сынға түседі.
Өтетін орны: Бахрейн, Манама қаласы.

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

0

Шахмат: Италияның Монтесильвано қаласында өткен шахматтан кадеттер арасындағы (U8-U12) әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілдері 2 алтын, 1 күміс жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды.

Конькимен жүгіру: Польшаның Томашув-Мазовецкий қаласында ұйымдастырылған Әлем кубогі кезеңінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қола медаль жеңіп алды.

Бадминтон: Бахрейнде өткен Bahrain International Series II 2024 турнирінде Дмитрий Панарин мен Айша Жұмабек жұптық сында үздік шықты. Сондай-ақ Д.Панарин жекелей сында қола медаль иеленді.

Теннис: Мексиканың Мерида қаласында мәресіне жеткен жасөспірімдер арасындағы ITF J500 турнирінде Әмір Омарханов жеңімпаз атанды. Ол ресейлік Тимофей Дерипаскомен жұп құрап, финалда чехиялық Петр Брунлик пен ұлыбританиялық Чарли Робертсонды тізе бүктірді – 6:4, 6:1.

Футзал: Хорватияның Загреб қаласында өткен футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде «Қайрат» командасы B тобында бірінші орынға ие болып, «Төрттік финалға» жолдама алды.

Қазақстан туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

0

Әзірбайжанның Баку қаласында СОР29 конференциясы аясында туризмдегі климаттық шараларды кеңейтуге арналған кездесу өтті. Жиын барысында Қазақстан тұрақты туризм саласындағы жетістіктері мен болашақ жоспарларын таныстырды.

Іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев, Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас хатшысы Зураб Пололикашвили, Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік туризм агенттігінің төрағасы Фуад Нағиев, сондай-ақ 20-дан астам елдің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Қазақстанда ұлттық парктер мен қорықтар құрамында қорғалатын бірегей табиғи экожүйелер бар. Біздің міндетіміз – қоршаған ортаға зиян келтірместен экономикалық дамуды қамтамасыз ету. Біз туризм саласында көмірқышқыл көлемін азайтуға және экологиялық жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік беретін «Жасыл стандарттарды» енгізуді жалғастырамыз», – деді Ержан Еркінбаев.

Кездесу барысында туризм саласындағы климаттық әрекеттерді күшейтуге бағытталған Баку декларациясының негізгі бағыттары талқыланды. Қазақстан туризмнің климатқа әсерін азайтуға және тұрақты тәжірибелерді халықаралық аренада ілгерілетуге бағытталған барлық бастаны қолдайтынын білдірді.

Сонымен қатар Ержан Еркінбаев Қазақстанның экологиялық туризм саласындағы жетістіктерін, соның ішінде Саты ауылының Best Tourism Villages конкурсында үздік шыққанын және ITB Berlin халықаралық көрмесінде «Гүлденген қауымдастықтар» атылымындағы жетістігін атап өтті.

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

0

Шорт-трек: Италияның Бормио қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Alta Valtellina Trophy халықаралық жарысында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды. Турнир бүгін мәресіне жетеді.

Мәнерлеп сырғанау: Қытайдың Чунцин қаласында аяқталған мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирінде Михаил Шайдоров күміс жүлдегер атанды. Ол қос жаттығудан кейін 276.17 ұпай жинады. Шайдоров былтыр осы жарыстың қола жүлдегері атанған еді.

Семсерлесу: Канаданың Ванкувер қаласындаөткен семсерлесуден Әлем кубогінде Қазақстанерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды.

Пара дзюдо: Астанада өткен пара дзюдодан халықаралық Grand Prix турнирінде Қазақстан құрамасының спортшылары 14 медаль (6 алтын, 4 күміс, 4 қола) олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Теннис: Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Португалияның Лозада қаласында өткен ITF W35 турнирінің жұптық сынында чемпион атанды. Жерлесіміз Беларусь өкілі Юлия Хатукамен бірге жұп құрап, финалда ресейлік Полина Яценко мен бельгиялық Ханне Вандевинкельден 6:3, 1:6, 10:4 есебімен басым түсті.

Эстетикалық гимнастика: Эстонияның Тарту қаласындағы эстетикалық топтық гимнастикадан әлем чемпионатында спортшыларымыз 2 қола медаль жеңіп алды.

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады

0

Ербол Мырзабосынов:

➤ отандық спорт саласын кешенді реформалау жөнінде бұған дейін берілген Президент тапсырмаларының орындалу барысын баяндады;

➤ балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, төрешілер мен мамандар біліктілігін арттыру, легионер санын азайту, федерациялар жұмысын оңтайландыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді:
– салаға вертикалды басқару жүйесін енгізу шаралары басталған. Осы мақсатта министрлік жанынан арнайы құрылған топ мүшелері өңірлердегі спорт саласының жағдайына жан-жақты талдау жүргізген;
– қолданыстағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға негізгі басымдықтарды айқындайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін жұмыс тобы құрылған;
– халықаралық федерациялармен ынтымақтастық аясын кеңейту, спорт инфрақұрылымдарын жетілдіру үшін жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр;

➤ еліміздің туристік әлеуетін арттыру шаралары туралы мәлімет берді:
– шетелдік саяхатшыларға түрлі мүмкіндіктер ұсынатын Neo Nomad Visa жобасы іске қосылған;
– Президент тапсырмасына сәйкес, Алматы тау кластерін, Маңғыстау және Бурабай курорты аймақтарында жағажай туризмін дамыту жөнінде кешенді жоспар әзірленуде;
– Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті құрылып, лудоманияға қарсы күрес қолға алынған.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге спорт және туризм салаларын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді. Атап айтқанда, алдағы уақытта өтетін халықаралық спорт додаларына дайындық деңгейін пысықтауды, сондай-ақ елімізде танымалдығы артып келе жатқан падел спортын ілгерілетуге назар аударуды тапсырды.

Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы қорытындыланды

0

Алматыда Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми жабылу салтанаты өтті. Ауқымды іс-шара туризм жылының қорытындысы ғана емес, сонымен қатар жаңа бастамалардың бастауына айналды.

Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының қорытындысына арналған халықаралық форум екі елдің туризм саласындағы 300-ден астам өкілінің басын қосты. Форум аясында пленарлық сессия, «Қазақстан мен Қытай арасындағы туризмді дамыту динамикасы» және «Ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары» атты екі панельдік сессия, екі мемлекеттің туроператорлары мен туристік бизнес өкілдерінің B2B кездесулері өтті.

Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында ҚХР қалаларында 30-дан астам ірі іс-шара ұйымдастырылып, 200-ден астам келісімге қол қойылды. Іскерлік және мәдени миссиялар екі ел арасындағы туристік және мәдени алмасуды дамытуға, Қазақстанның тартымды туристік бағыт ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етті.

«Биылғы жыл Қазақстан мен Қытайдың туризм саласындағы өзара іс-әрекетінің айтарлықтай кеңеюімен ерекшеленді. Біздің елдеріміз арасындағы туристік ағын елеулі өсімді көрсетті. Бұл бізді тату көрші екендігімізді, өзара түсіністік пен мәдени алмасуға деген ортақ ұмтылысымызды көрсетеді», — деді ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев.

Шекара қызметінің деректеріне сәйкес, отандастарымыздың Қытайға сапары – 31%, ал Қытайдан Қазақстанға келген меймандар қатары 50% өсті. 2024 жылдың 10 айында елімізге Қытайдан 550 мың адам келген. Былтыр бұл көрсеткіш 367 мың адамды құраған еді. Аталған көрсеткіш елдерімізге деген қызығушылықтың артқанын, Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында жүзеге асырылған жобалардың нәтиже бергенін көрсетеді.

Биыл Бейжің, Сиань, Шанхай, Гонконг, Үрімші қалаларында Қазақстанның қалалары мен облыстарының туризм күндері өтіп, біздің ел 4 туристік көрмеде (COTTM, ITB China, ITE Hong Kong, Қытай медициналық туризм жәрмеңкесі) ұсынылды. Шаньдун және Хэбэй провинцияларында екі үлкен концерт өтті. Тяньцзинь қаласында «Алтын адам» және «Ұлы дала» көрмелерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің коллекцияларынан экспонаттар ұсынылды.

Сондай-ақ биыл мәдени-ақпараттық іс-шаралармен қатар ауқымды жобалар да ұйымдастырылды. Мәселен, «Жібек жолы» автокеруеніне, Peking-Paris Motor Challenge раллиіне, Жібек жолы бойынша мототурға 500 жуық адам қатысты.

Қытайдың ірі медиа корпорациялары еліміздің туристік әлеуетін белсенді түрде танытты. Қазақстанның ҚХР-дағы туризм жылының жалпы медиа нәтижесі 1,8 млрд қаралымға жетті. Әлеуметтік желілерде еліміз туралы жарияланымдардың қамтылу деңгейі 160 млн пайдаланушыны құрады.
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы саяхатшылар үшін жаңа көкжиектер ашып, туризм индустриясы өкілдеріне серіктестікті кеңейтуге жол ашты.

Бүгінгі форум атқарылған жұмыстарды қорытындылаудың және ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызды іс-шарасына айналды. 80-ге жуық қазақстандық және қытайлық туроператор іскерлік байланыстарды нығайту және әріптестік орнату үшін B2B келіссөздер жүргізді.

Айта кетейік, былтыр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары барысында 2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы деп жарияланған болатын. Биыл наурызда Бейжіңде Қазақстан-Қытай туризм және инвестициялар форумы өтті. 2025 жыл Қазақстандағы Қытай туризмі жылы болып жарияланды. Бұған дейін бұл туралы қос елдің басшылары бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті

0

Алматы қаласында белгілі вокалды-аспаптық «Яшлык» ансамблінің 50 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтті.

Концерт ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

«Яшлык» ансамблі 1974 жылы құрылған. Ұлттық музыканы халық аспаптарымен үйлестіріп, жаңа өңдеумен ұсына білген топ бірнеше мәрте халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанды.

Іс-шараға «Дос-Мұқасан» ансамблі, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Дильназ Ахмадиева мен Әлішер Кәрімов, әнші және композитор Парвиз Назаров, сондай-ақ «Яшлык» ансамблінің қазіргі құрамы мен қазақстандық және ұйғыр эстрадасының жұлдыздары қатысты.

Концертте ансамбльдің 70–80 жылдардағы хиттері мен танымал әндердің заманауи өңделген нұсқалары орындалды.

Өнер ұжымына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ықылас гүлі табыс етілді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Яшлык» ансамблінің ұжымын мерейтойымен құттықтап, ансамбльдің Қазақстанның музыка мәдениетіндегі орны ерекше екенін айтты.

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері халықаралық байқауда жеңіске жетті

0

Венгрияның Будапешт қаласында екінші халықаралық Budapest ballet Grand Prix байқауы өтті, байқауда Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері жеңіс тұғырынан көрінді.

Budapest Ballet Grand Prix-ке әлемнің 31 елінен жас биші қатысты. Бұл байқау қатысушыларға әлемдік сахнада өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік берді. Конкурста Торғын Лебен бірінші орынға, Дарья Митрофанова екінші орынға ие болды, ал Әдемі Жанабіл байқаудың дипломанты атанды.

Байқау барысында қатысушылар «Пахита», «Талисман», «Ұйқыдағы ару», «Корсар», «Дон Кихот» классикалық балеттерінен жарқын вариациялар көрсетті.

Бағдарлама кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің басшысы, Академия педагогы Светлана Кокшинованың басшылығымен дайындалды.

Венеция Қазақстан павильонын шамамен 98 мың адам тамашалады

0

60-шы Венеция өнер биенналесінде Қазақстанның ұлттық павильонына шамамен 98 мыңдай адам келді, — деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Биыл Венеция биенналесі тарихындағы келушілер ең көп болған жылдардың бірі. Келушілердің жартысынан астамы шетелдіктер.

Айта кетейік, «Шетелдіктер барлық жерде» тақырыбымен өткен 60-шы Венеция биенналесі 2024 жылғы 20 сәуір мен 24 қараша аралығында өтті. Оған 90 елден келген суретшілер қатысты.

Қазақстанның ұлттық павильоны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен осы беделді көрмеде ұсынылды. Көрме қонақтары «‎Jerūiyq: көкжиектен тыс көзқарас» жобасының экспозициясын тамашалады.

 

 

Франциядағы өнер байқауында қазақстандық өнерпаз бірінші орын иеленді

0

Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқушысы Насыр Тарлабек баян және аккордеон аспабы бойынша «CMA Trophee Mondial» халықаралық байқауында бірінші орынды иеленді. Бұл жайында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі ресми хабарлама жасады.

Әлемнің үздік жас музыканттары бас қосатын байқау 1951 жылдан бері өткізіліп келеді.

Байқауда еліміздің намысын қорғаған Насыр Тарлабек –республикалық және халықаралық деңгейдегі көптеген өнер байқауларының лауреаты.

Жас талантты лайықты жеңісімен құттықтай отырып, мәдениет пен шығармашылық саласында жаңа жетістіктерге жетуін тілейміз!